Уфалықтар топ репертуарындағы заманауи үлгіде дыбысталған әлемдік классикаларды тыңдады. Скрипкашы Әсел Исаеваның орындауындағы Бах пен Вивальди туындылары да ұсынылды.
Карантин уақытында музыкалық топ бірнеше жаңа күй жазды, сондай-ақ онлайн байқауларға да қатысты.
«Наурызда онлайн режімінде өткен Лос-Анджелестегі фестивальде бас жүлдені алдық. Оған 80-нен астам елден өкілдер қатысты. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды – іріктеу, содан кейін континентаралық. Осы кезеңдердің бәрінен өтіп, біз жеңіске жеттік. Карантин кезінде бұл біз үшін маңызды оқиға болды. Бұл бізді жігерлендіріп, алдағы жұмыстарымызға күш берді», деді Әсел Исаева.