Өнер • 14 Шілде, 2021

Ulytau – Уфа сахнасында

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда қазақ аспаптық этно-рок тобы Уфа амфитеатрының сахнасында «Фольклориада жүрегінде» өнер көрсетті.

Ulytau – Уфа сахнасында

Уфалықтар топ репертуарындағы заманауи үлгіде дыбысталған әлемдік классикаларды тыңдады. Скрипкашы Әсел Исаеваның орындауындағы Бах пен Вивальди туындылары да ұсынылды.

Карантин уақытында музыкалық топ бірнеше жаңа күй жазды, сондай-ақ онлайн байқауларға да қатысты.

«Наурызда онлайн режімінде өткен Лос-Анджелестегі фестивальде бас жүлдені алдық. Оған 80-нен астам елден өкілдер қатысты. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды – іріктеу, содан кейін континентаралық. Осы кезеңдердің бәрінен өтіп, біз же­ңіске жеттік. Карантин кезінде бұл біз үшін маңызды оқиға болды. Бұл бізді жігерлендіріп, алдағы жұмыс­тарымызға күш берді», деді Әсел Исаева.