Аймақтар • 14 Шілде, 2021

Шымкенттегі шағынауданға су құбырын тарту жұмыстары аяқталуға жақын

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының Батыс шағынауданын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында мердігер «Мелиоратор» мекемесі тарапынан өткен жылы құрылыс жұмыстары басталған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттегі шағынауданға су құбырын тарту жұмыстары аяқталуға жақын

Ұзындығы 151,47 шақырым ауыз су жүйесі құрылысының бүгінде 80 пайыз жұмысы аяқталды. Құрылыс жұмысы толығымен 2021 жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.

6

Сондай-ақ Батыс шағынауданын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында мердігер мекеме «Turan Energo Group» тарапынан 2021 жылдың мамыр айында құрылыс жұмысы басталды.