Бірінші жартыжылдықта Шымкент қаласының экономикасында оң даму динамикасы қамтамасыз етілді. Оның ішінде адами капиталдың сапасын арттыруға басымдық берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының әрі қарайғы өркендеу бағдары ретінде 5 басымдық айқындалған. Олар: адами капиталдың өсуі, инфрақұрылымдық даму, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй құрылысын жүргізу, «Шымкент – тұрғындарға қолайлы қала» идеясын іске асыру.
Белгіленген басымдықтар бойынша 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған салалық бағдарламалар әзірленіп, іске асырылуда.
Адами капиталдың өсуі шеңберінде Шымкент қаласындағы білім саласындағы өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жоспарланған. Қазіргі кезде қаладағы 186 мектепте 226 мыңнан астам оқушы бар. Оның ішінде 14 мектеп үш ауысымды болса, 5 мектеп – ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, тағы бір мектеп – апатты деп танылған.
Алдағы бес жылда қала шағын аудандары мен тұрғын алаптарында 72 мектеп салынады. Осы бағытта биылдың өзінде 13 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.
Салалық жоспар аясында жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесін алдағы бес жылда бүгінгі 55 пайыздық көрсеткіштен 85 пайызға дейінгі межеге, яғни 30 пайызға арттыру жоспарланған. Кәсіптік білім беру саласында өндіріске қажетті мамандар даярлауды озық әдістемеге негізделген дуальды оқыту моделімен ұштастыру көзделген. Бүгінгі таңда қаламызда кәсіптік білім беру оқу орындарының 10 пайызында ғана дуальды оқыту моделі енгізілген. Бұл көрсеткіш 2025 жылға қарай 42 пайызға жететін болады.
Үш ауысымды мектептер мәселесін шешуде жаңа ғимараттар, қосымша оқу корпустарын салу жұмыстары басталды. 2023 жылға қарай бұл мәселе түбегейлі шешімін таппақ.
Биылғы жылы мектептерді жабдықтауға 6 млрд теңге көлеміндегі қаражат бағытталған. Қаралған қаржыға білім беру ұйымдарындағы 259 пән кабинеттері жабдықталуда. Былтырғы жылы Шымкент қаласындағы мектептерде әрбір 29 оқушыға бір компьютерден келетін болса, биыл бұл көрсеткіш әрбір төрт оқушыға бір компьютерден келетін деңгейге жеткізілді.
Жыл соңына дейін қаладағы барлық білім беру ұйымдарында полицияның бақылау жүйесіне қосылған бейнебақылау камералары мен турникеттер орнатылады.
Өткен тәулікте 6 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Алматы облысының 1500-ге жуық тұрғынын кене шаққан
Аймақтар • Бүгін, 10:28
Медициналық пойыздар шалғай аймақтарға жолға шығады
Медицина • Бүгін, 10:17
Қазақстанда вакцина алғандар саны 9,4 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі артты
Қоғам • Бүгін, 09:59
18 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:47
Ішкі істер министрлігінде кадрлық өзгерістер болды
Тағайындау • Бүгін, 09:39
Оқиға • Бүгін, 09:27
Қазақстандық боксшы қыздардың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды
Бокс • Бүгін, 09:12
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:07
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Бүгін, 09:00
Экология • Бүгін, 07:42
Аймақтар • Бүгін, 07:40
Спорт • Бүгін, 07:38
Теннис • Бүгін, 07:36
Жарысты 29 жүлдемен қорытындылады
Спорт • Бүгін, 07:34
Орнын толтыратын олқылықтар бар
Қоғам • Бүгін, 07:32
Қазақ үшін ауылдың орны ерекше
Ауыл • Бүгін, 07:30
Ұйымшылдық – іргелі істер бастауы
Қоғам • Бүгін, 07:28
«Министр кубогы» сарапқа салынады
Спорт • Бүгін, 07:26
«Ролан Гаррос-2022»: Франция кортында кімдер өнер көрсетеді?
Теннис • Бүгін, 07:24
Футбол • Бүгін, 07:22
Әдебиет • Бүгін, 07:20
Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:18
Руханият • Бүгін, 07:18
«Алматы жастары» өтініштер қабылдайды
Аймақтар • Бүгін, 07:16
Референдум-2022 • Бүгін, 07:14
Референдум өткізуге дайындық талқыланды
Референдум-2022 • Бүгін, 07:12
Әділетті мемлекет құрудың бастамасы
Референдум-2022 • Бүгін, 07:10
Референдум-2022 • Бүгін, 07:08
Жаңа Конституция Жаңа Қазақстанға бастайтын жол
Қазақстан • Бүгін, 07:06
Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 07:04
Жастардың әрбір ұсынысы ескеріледі
Референдум-2022 • Бүгін, 07:02
Өнер • Кеше
Жүген ұстап қалмасақ жарар еді...
Аймақтар • Кеше
Өзбек дзюдошыларының деңгейі жоғары
Спорт • Кеше
Су қоймаларындағы балық қоры көбейеді
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кіндігін таспен кескен тас тағдырлы тұлға
Тарих • Кеше
Ұқсас жаңалықтар