Аймақтар • 14 Шілде, 2021

Вакцина алғандар арасында 1 миллион теңгенің ұтыс ойыны өтеді

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда вакцина алғандар арасында 1 миллион теңгенің ұтыс ойынын Baizaar сауда ойын-сауық орталығы өткізгелі отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вакцина алғандар арасында 1 миллион теңгенің ұтыс ойыны өтеді

Ұтыс ойыны 1 шілде мен 1 қыркүйек аралығында өтеді. Оған қатысу үшін сауда орталығындағы вакциналау бекетінде вакцина алу қажет. Содан кейін қатысушы толтырған купоннның екінші бөлігі арнайы лототронға салынады. 

«Сауда орталығында вакцина алғандар ғана ұтыс ойынына қатысады. Ал, 1 миллион теңгелік қаржылай  жүлденің жеңімпазы 1 қыркүйекте @baizaar_mall инстаграм парақшасында тікелей эфирде анықталады», деп хабарлады сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі.