*ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында елорда аумағына жас көшеттер отырғызу одан әрі жалғастырылатын болады. Соңғы жылдардың өзінде бас қаланың 14 мың гектарына жас көшеттер отырғызылған. Ал 2017 жылға дейін Астана төңірегінің 40 пайызға жуығы орман-тоғай болады.
*ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында елорда аумағына жас көшеттер отырғызу одан әрі жалғастырылатын болады. Соңғы жылдардың өзінде бас қаланың 14 мың гектарына жас көшеттер отырғызылған. Ал 2017 жылға дейін Астана төңірегінің 40 пайызға жуығы орман-тоғай болады.
*Қашаған кен орнындағы «Д» аралынан тартылған мұнай құбыры тексеріледі. Диагностикалық снарядтың көмегімен ұзындығы 96 шақырым газ құбырын тексеруге арнайы мамандар бөлінген. Бұл жұмысты іске асыру өндірістік газдың кемуіне байланысты жоспарланған болатын.
*Елімізде жаңа жүк электровоздары сынақтан өткізілуде. Екі секциялы электровоздың номиналдық қуаты - 8800 квт. Конструкциялық жылдамдығы 120 км/сағатқа тең. Жаңа техникада басқару мен диагностиканың кешенді микропроцессорлық жүйесі қарастырылған. Сондай-ақ, бұл электровозда климат-бақылауды басқару кабинасы бар.
*31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығындағы 2 күнде елімізде 1203 бала дүниеге келді. Бала туу көрсеткіші бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Мұнда 262 сәби жарық дүние есігін ашты.
*«Көшпенділер» трилогиясының авторы, жазушы І. Есенберлиннің 100 жылдығы 2015 жылы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі. Сондай-ақ, осы жылы Ақмола облысы Атбасар ауданының орталығындағы алаңда қаламгерге арналған еңселі ескерткіш бой көтермек.
*Шығыс Қазақстан облысында әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері басталды. Кеше алғашқы болып ауылдық және кент округі әкімдері есеп берді. Жекелеген мәселелер бойынша тұрғындар талабы ескерілетін болды.
*2016 жылы Павлодар мұнай-химия зауыты экологиялық К4 түріндегі жанармай мен К5 түріндегі дизель отынын шығара бастайды. Бұл өндірісті жаңғырту негізінде іске асырылғалы отыр.
*Алматы облысында қар құрсауында қалған 5 адам құтқарылды. Олардың көліктері «Үшарал – Достық» республикалық маңызы бар автокөлік жолының 94-ші шақырымында жүрмей қалды. Аталған жолдың жабылғаны туралы мәлімет алдын ала жарияланғанымен, азаматтар бұл ескертуге мән бермеген.
*Қарағанды облысы «Бесоба» шағын ауданында опырылып құлаған үйдің тұрғындарына жаңадан бой көтерген «Шапағат» тұрғын үй кешенінен пәтер берілді. Бұл жерге 27 отбасы қоныстанды. Ал қалған 200-ден астам отбасыға жыл соңына дейін пәтер кілті табыс етіледі.
«bnews.kz», Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.