Мәдениет және спорт министрлігін Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына іргелес тұрған Central Esentai Resedence тұрғын үй кешені тұрғындарының шағымынан кейін қазір БАҚ-та қызу талқыланып жатқан жағдай алаңдатады. Аталған жайтқа қатысты министрлік мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық санитария-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қорытындысына сәйкес, музейдің салқындату және ауа айналу жүйесінен шығатын дыбыс рұқсат етілген нормадан асатыны анықталып, мұражайға 230 АЕК көлемінде (670 мың теңге) айыппұл салынды.
Ал бұл олқылықтың орнын толтыруға 30 күн берілді. Бүгінде мұражай басшылығы айыппұлдың 50%-ын төлеген.
Бұл мұражай республикалық маңызы бар қала құрылысы мен сәулет ескерткіші қатарына жатады.
1983 жылдан бастап мемлекеттік тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне кіреді.
Еліміздің «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңына сәйкес, ескерткіштерді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында:
1) қорғау аймақтары;
2) құрылыс салуды реттеу аймақтары;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қорғалатын табиғат ландшафт аймақтары болып бөлінеді.
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамада көрсетілгендей дәл осындай тарихи-мәдени ескерткіш аумағында құрылыс жұмысын жүргізуге шектеу бар.
Заңда қалалар мен басқа да елді мекендерді жоспарлау, салу және реконструкциялау жобасы, тарихи және мәдени ескерткіштер орналасқан жерді пайдалану картасы уәкілетті органмен келісілуі керек екені көрсетілген.
«Алайда мұражайдың аумағына осы көпқабатты тұрғын үй кешенін салуға министрлік келісім берген жоқ. Мұражайдың салқындату және кондиционерлеу жүйесі мұражайдың өзі құрылған сәттен бастап, яғни 1976 жылы жүргізілгенін атап өткен жөн. Бұл ғимараттың тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі, ал ғимараттың сыртында тұрған қазіргі тоңазытқыштар 2008 жылы орнатылды. Олар штаттық режимде жұмыс істейді. Жыл сайын профилактикалық қызмет көрсетуден өтеді және өндірушінің сипаттамаларына сай келеді», делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылы 7 желтоқсандағы №372 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығына сәйкес, әр түрлі музей заттарын кешенді сақтау кезінде ауа температурасы Цельсий бойынша +18о ± 1° болуы керек.
Яғни, музейдің салқындату және кондиционерлеу жүйесі - ұлттық мәдени мұраны сақтаудың кепілі және кез келген музейдің сапалы жұмысын қамтамасыз етудің міндетті бөлігі.
«Дер кезінде әрекет етудің арқасында мұражай мен Central Esentai Resedence тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізген тарап келіссөз жасады. Оның нәтижесі бойынша құрылыс жүргізген тарап бұл жағдайды реттейтінін жеткізіп, уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл мәселе министрліктің тұрақты бақылауында болады», деп атап өтті министрліктегілер.
Терезеден құламасын сәбилер...
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Адам құқығын қорғаудағы жаңа белес
Референдум-2022 • Кеше
Саяси реформалар ел көкжиегінің кеңеюіне бастайды
Референдум-2022 • Кеше
Мүгедек адамдарға қажетті жағдай жасалады
Референдум-2022 • Кеше
Бюрократияның өзегінде безбүйректік жатыр
Қазақстан • Кеше
Сайлау: Үміткерлердің уәдесі қандай?
Әлем • Кеше
Әлеуметтік желі қасіреттің ортасына айналып барады
Қоғам • Кеше
Сәбидің саулығы – ұлттың байлығы
Медицина • Кеше
Тілтанымымыздың болашағын айқындаған тұлға
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ғылым • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қоғам • Кеше
Әлем чемпионатында бас жүлдесіз қалдық
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
«Музей түні» бағдарламасымен балаларды қуантты
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Тарих • Кеше
Руханият • Кеше
Қай елдердің азаматтары елімізде кәсіпкерлікпен айналыса алады
Қазақстан • Кеше
Қазақ спортшыларының киімі ХОК мәдени мұрасына енді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесу өткізді
Президент • Кеше
Арнайы экономикалық аймақтардан бюджетке 170,2 млрд теңге түсті
Экономика • Кеше
Қоғамдық көлікте діни уағыз айтқан әйелге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Дағдарыстан шығынсыз шығу керек – Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы: Қазақстанда рейдерлік болмауы тиіс
Президент • Кеше
Бас прокуратура заңнамаға нақты түзетулер пакетін ұсынатын болды
Қазақстан • Кеше
Бизнес бойынша жер телімін беру жеңілдетіледі
Қазақстан • Кеше
Мәулен Әшімбаев БАӘ елшісіне көңіл айтты
Қазақстан • Кеше
Ыстанбұлда ортақ оқулықтар таныстырылды
Қазақстан • Кеше
Президент Бас прокуратураға алаяқтармен күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Кеше
Алматыда Қалқаман станциясының құрылысы басталды
Аймақтар • Кеше
Референдумда әр азаматтың дауысы айрықша рөл атқарады – Президент
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар