Қызылорда облысында құрылыс қарқыны жыл санап артып келеді. Мысалы, былтыр аймақта 152 нысан пайдалануға берілді. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда, 2 есеге артық. Нақтырақ айтар болсақ, алдыңғы жылы 76 нысан салынған.

Ал өткен жылы бой көтерген нысандардың ішіндегі 23 ғимарат білім саласына тиесілі екен. Атап айтқанда, 19 мектеп пен 4 балабақша пайдалануға берілген. Денсаулық сақтау саласы бойынша 3 емхана, 11 амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт бой көтерген. Ал, 8 нысан – мәдени ошақтар.
Сондай-ақ, 2 коммуналдық шаруашылық нысаны және 1 мемлекеттік мекеме ғимараты ашылды. Бұдан бөлек, облыста 1 қоршаған ортаны қорғау, 1 табиғи және техногендік бағыттағы нысанның құрылысы аяқталған.
8 нысан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында салынды. Ал, 2013 жылы «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 91 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Осындай жүйелі жұмыстың арқасында Қызылорда облысы 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында құрылыс салу қарқыны бойынша республикада бірінші орынға шыққанын да айта кеткен абзал шығар.
«Егемен-ақпарат».