Қазақстан • 15 Шілде, 2021

Бас мүфти Әбсаттар Дербісәлінің отбасына көңіл айтты

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Танымал ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас мүфти Әбсаттар Дербісәлінің отбасына көңіл айтты

«Бүгін таңертең Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын 10 жылдан астам уақыт басқарған, дін қайраткері, академик, көрнекті ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің қайтыс болғаны туралы қаралы хабар жетті. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына, барша мұсылман қауымына тағы да көңіл айтамын. Алла алдынан жарылқасын. Иманы саламат болғай. Әмин!», деді Бас мүфти Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.