Қоғам • 15 Шілде, 2021

«Қызыл» аймақтағылар қалай құрбан шалады?

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандықтар құрбандық шалатын арнайы мекемелерге «Аshyq» мобильді қосымшасы арқылы кіруі тиіс. Бұны ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызыл» аймақтағылар қалай құрбан шалады?

«Сары» және «жасыл» аймақтағы құрбандық шалатын арнайы орындарда азаматтардың денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында «Аshyq» мобильді қосымшасы іске қосылады.

«Құрбандық шалу орындарына «қызыл» және «сары» мәртебесі бар азаматтар жіберілмейді, тек «көк», «жасыл» мәртебесі бар азаматтар ғана жіберіледі», деді Ершат Оңғар.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, облыстардың әкімдіктері Ішкі істер, денсаулық сақтау министрліктері ҚМДБ-мен бірлесіп, еліміздің өңірлерінде «Аshyq» мобильді қосымшасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

«Қасапханаға маска тағып, арақашықтық сақтап, дене қызуы бар адамдардың жақындауына жол бермеуге тиіспіз. Жасы 65-тен асқан қариялар, әйелдер мен балалардың барынша құрбан шалатын орындарға баруын шектеуге шақырамыз. Қазіргі уақытта қасапханаға қойылатын тәртіп жоғары. Оны ұдайы бақылап, келушілермен арадағы байланысқа жіті мән беруіміз керек. Ең бастысы малды шариғат талаптарына сәйкес бауыздап, сойылуын қатаң қадағалау қажет», деп түсіндірді Ершат Оңғар.

Еске салсақ, 2021 жылы құрбан шалу рәсімі екі жолмен жүзеге асырылады. «сары» және «жасыл» аймақтарда онлайн және офлайн форматта өтсе, «қызыл» аймақтарда пандемия жағдайында шариғаттағы «өкілдік» қағидасына сәйкес, qurban2021.kz сайты арқылы тек онлайн режимде құрбан шалынады.