Әуезов театры биылғы қысқа маусымында әлемнің Шекспир мен Чеховтан кейінгі ең күрделі әрі қайшылықты авторының бірі – Бертольд Брехтің «Есірген шешей және оның балалары»атты пьесасының желісі бойынша «Пері қатын» қойылымын сахналады.
Шуды бастап жіберді де, шымылдығын жауып тастады: театр маусымы бітті. Үнсіз қалдық. Бір-бірімізге қарадық. Енді күзді күтеміз. Қара суық күзден гөрі жайма-шуақ жаз жақсы еді.
Көкейдегі көп сұрақ көкіректе кетті. Қашанда кедергілермен күресіп жүретін неміс авторы бұл жолы да бөгеттерден құтыла алмады. Бірақ Сартр айтпақшы, еркіндікті шектеу мүмкін емес, себебі санаға кісен салынбайды. Азат ойдың аңғары да анық шындық.
Брехт жайлы көп жазылды. Біз өз пікірімізді көзқарасқа айналмай тұрып жария еткіміз келеді.
Әуелі, эпикалық театр құбылысын ашқан Брехті қалай түсінеміз? Екінші, талаптарын қазақ режиссері қалай қабылдады?
Үшінші, көрермен не деп кетті... сыншылар не дейді.
Әсілі, көп нәрсенің өзіндік төл философиясы бар: түпнегіз (сущность) өмір сүрген жерде, оны басқа нәрседен айырып тұратын қасиеті де болады. Қасиет – сипат емес. Ерекшелік. Қасиет жекеде, сипат – көпшілікте. Қасиет ішкі құрылымнан туады, сипат сыртқы кескін-келбеттен қалыптасады. Кез келген тұлға – оқшау космос. Шексіз кеңістік, рухани.
Көпшілік қасиеті деген сөз, шын мәнінде, қайшылықты түсінік, себебі бар адамның бойында бірдей қасиет жоқ, әр адамның қасиеті әртүрлі. Бірақ сипаты бір.
Ұлттық қасиет – бар. Бір ұлт – бір адам секілді. Әрине, шартты түрде халық деген ұғымды да пайдаланамыз.
Брехт театры сана еркіндігінен туады. Феноменология сананың үнемі белгілі бір нәрсеге бағыттаулы екендігін айтады: «интенциональность – направленность сознания на предмет», Эдмунд Гуссерль.
Уильям Джеймс, америкалық ойшыл, 1890 жылы «Психология мәселелері» атты еңбегінде сана ағысын ашты. «Бұл ағын, өзен, ой-түйсіктер, естеліктер, тосын ұқсастықтар, ылғи бір-бірін басып, кимелеп, логикасыз байланысып, арпалысып жатады», деп жазды ол.
Сана – бізге түйсік арқылы берілген объектілі реалды дүние (В.И.Ленин, «Материализм мен эмпириокритицизм») ғана емес, ол әрі – бұрқылдап қайнап жатқан қазан, бәрін есте сақтай алмаймыз, ұмытамыз, немесе бейсана, әлде түпсана қойнауына жасырамыз.
Брехт ұйықтап жатқан сананы оятады. Оян, адамзат! Дабыл қағушылар фашизмді көрді, коммунизммен танысты, салдарын білді, жоқ, Еуропа мен Ресейді індет жайлап келеді, құтқару керек.
Ұйқы – иллюзия: адам өліп-тіріледі. Сенбе, дейді Брехт. Ұйықтаған адам – өлмейді, оянған адам – тірілмейді.
Брехт жетектеп отыру керектігін айтады. Сондықтан рөл сомдап жатқан актер әлсін-әлсін Иоганн Хейзинг жазған «ойынды» («Человек играющий») бұзып, иллюзия өмірден аудиторияны шын өмірге қайтаруы қажет.
Жаттану эффектісі не эстетикасы («эстетика отчуждения») арқылы. Рөлден қашықтап, сырт көзбен, сын көзбен қарап, танып, бағалауы тиіс екен. Эпикалық театрдың бір шарты осы.
Автордың спектакль жүріп жатқанда қойылымға араласуы, драмаға эпикалық сипат беруі – тосын жайт. Ол Аристотельден гөрі, Гегельге жақын болды: әдепкі театрда әдіс-тәсіл айқын – бір шиеленіс, оның дамуы, түйіннің шешілуі, драмалық іс-әрекеттің тұтастығы, уақиғаның сахнадан көрініс табуы, аяқталуы, өткен оқиғаның айтылуы, хронологиялық тәртіп.
Брехтің эпикалық театры, керісінше, жат, жаңа талаптар қояды, дағдылы театр түсінігінен тыс: шиеленіс пен шешімнің көптігі, автор мен драма – екі уақыттың қатар не жапсарлас өмір сүруі, сахнада бірнеше баян әңгімеленуі, ашық финал, сахнада уақыттың өзгеріп отыруы, трансспектива.
Бұл театр бойынан модернистік/постмодернистік белгілер де байқалады, интеллектуалдық өнер түріне де келеді. Сосын, қарсылық... бүлікшіл қаламгер әрі режиссер қоғамдық пікірге мойынсынбайды, көп оқыған тұлға ретінде мұратынан адаспайды, реализмді жақтайды, кең мағынасында, Кеңес танымындағы емес.
Гитлердің нөмірі бірінші жауы Бертольд Брехт атылуға тиіс адамдардың тізімінде отызыншы жылдардың басынан бері тұрады.
Декан әрі театр режиссері Е.Нұрсұлтан пьесаны сәтті қойылымға айналдырды. Қолтаңбасы анық, ізденіске толы, динамикасы да тұрақты, сахнасы жүрдек. Дарынды жазушы-драматург Асылбек Ихсан аудармасы да сәтті: тілі жатық, құнарлы, дәл, шұрайлы сөзді естіп, таң қалып, тамсанып отырып тыңдайсыз.
Бас қаһарманды сомдаған Дана Темірсұлтанова мен Дария Жүсіп те Брехт образына ұқыпты, пафостан ада, фальштен аман.
Ең бастысы труппа мақсатын жақсы түсінген екен, шынымен, көңіл қуантарлық жақсы жаңалық.
Дидар АМАНТАЙ,
жазушы
«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Аймақтар • Бүгін, 11:28
ШҚО-да елікті атқан браконьер сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:20
Брюссельде Орталық Азия-Еуроодақ қауіпсіздік диалогының отырысы өттІ
Қазақстан • Бүгін, 11:13
Терек мамығымен ойнаған балалар үйді өртеп жіберді
Оқиға • Бүгін, 11:06
BATYR BEINESI коллекциялық монеталары айналымға шығады
Қазақстан • Бүгін, 11:00
Түркістанда «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклі қойылады
Өнер • Бүгін, 10:48
Педагогтерді бағалауда жетістікке жеткен оқушылардың нәтижесі назарға алынады
Білім • Бүгін, 10:40
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Швейцариядан жеңіліп қалды
Хоккей • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 6 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Алматы облысының 1500-ге жуық тұрғынын кене шаққан
Аймақтар • Бүгін, 10:28
Медициналық пойыздар шалғай аймақтарға жолға шығады
Медицина • Бүгін, 10:17
Қазақстанда вакцина алғандар саны 9,4 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі артты
Қоғам • Бүгін, 09:59
18 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:47
Ішкі істер министрлігінде кадрлық өзгерістер болды
Тағайындау • Бүгін, 09:39
Оқиға • Бүгін, 09:27
Қазақстандық боксшы қыздардың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды
Бокс • Бүгін, 09:12
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:07
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Бүгін, 09:00
Экология • Бүгін, 07:42
Аймақтар • Бүгін, 07:40
Спорт • Бүгін, 07:38
Теннис • Бүгін, 07:36
Жарысты 29 жүлдемен қорытындылады
Спорт • Бүгін, 07:34
Орнын толтыратын олқылықтар бар
Қоғам • Бүгін, 07:32
Қазақ үшін ауылдың орны ерекше
Ауыл • Бүгін, 07:30
Ұйымшылдық – іргелі істер бастауы
Қоғам • Бүгін, 07:28
«Министр кубогы» сарапқа салынады
Спорт • Бүгін, 07:26
«Ролан Гаррос-2022»: Франция кортында кімдер өнер көрсетеді?
Теннис • Бүгін, 07:24
Футбол • Бүгін, 07:22
Әдебиет • Бүгін, 07:20
Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:18
Руханият • Бүгін, 07:18
«Алматы жастары» өтініштер қабылдайды
Аймақтар • Бүгін, 07:16
Референдум-2022 • Бүгін, 07:14
Референдум өткізуге дайындық талқыланды
Референдум-2022 • Бүгін, 07:12
Әділетті мемлекет құрудың бастамасы
Референдум-2022 • Бүгін, 07:10
Референдум-2022 • Бүгін, 07:08
Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 07:04
Жастардың әрбір ұсынысы ескеріледі
Референдум-2022 • Бүгін, 07:02
Ұқсас жаңалықтар