Биыл 1 шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енгені белгілі. Осыған байланысты азаматтардың арыз-шағымымен жұмыс істеу жүйесі де өзгерді. Енді жұртшылықтан келіп түскен бірде-бір өтініш жерде қалмайды. Олардың орындалуын қадағалайтын eOtinish электронды желісі іске қосылды.

Ел тұрғындары мемлекеттік қызмет саласына жиі шағымданып жатады. Бірақ халықтың бірі өтініші қаралса, екіншісі құзыретті орган назарынан тыс қалатыны бар. Ал азаматтардың мемлекеттік органдарға жолдаған арыз-шағымдары қаншалықты қаралып, орындалғанын бақылайтын бірыңғай жүйе болған емес. Енді жаңадан жұмыс істей бастаған eOtinish электронды қызметі бірде-бір арыз-шағымның жерде қалмауын қамтамасыз етеді, дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов. «Бұрын бізде азаматтардың өтініштерін қарайтын, орындалуын қадағалап отыратын жүйе болған жоқ, сондықтан біз қандай да бір талдау жүргізіп, өтініштердің қаралу процесін бақылай алмадық. Мұндай дерек қолымызда болмайынша мемлекеттік мекемелердің жұмыс сапасын бағалау және өтініш берушілердің қай салаға көбірек шағымданатынын анықтау да қиын. EOtinish электронды өтініштер жүйесін енгізу – осы мәселелерді шешеді», дейді Ә.Тұрысов.
Министрлік бұл жүйе мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыратынына сеніп отыр. Ал келіп түскен арыз-шағымдар Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс бойынша 15 жұмыс күннің ішінде қаралып, жауап берілуге міндетті.
Вице-министрдің түсіндіруінше, өтініштерді екі жолмен беруге болады. Тұрғындар халыққа қызмет көрсету орталықтарына, әкімдікке немесе мемлекеттік органға келіп, өтінішін қалдырады. Қазір ХҚО-ларда eotinish арқылы өтініштерді қабылдайтын арнайы пункттер ашылған. Олардың саны – 259. ХҚО операторы жеке кабинетте азаматтың өтінішін қабылдап, оны eOtinish жүйесіне тіркейді. Мемлекеттік органдар қызметкерлері қабылдаған өтінішті жүйеге қосады.
«EOtinish жүйесі әрбір ауыл әкімдігінде де орнатылады. Әкімдіктердің қызметкерлері жүйені пайдалану жөнінде арнайы оқудан өтті. Енді олар осы электронды жүйе арқылы жергілікті тұрғындардың арыз-шағымын қабылдамақ. Ауыл тұрғындары мемлекеттік мекемелерге деген қандай да бір өтініш-ұсынысы болса, әкімдіктерге барып, арызын жүйеге тіркете алады. Ал егер ХҚО немесе мемлекеттік органға баратын уақыты болмаса, онда өтінішті eGov порталы, eOtinish, eGov mobile, aitu мобильдік қосымшалары арқылы беруге болады», дейді Ә.Тұрысов.
ЕOtinish электрондық жүйесінің ерекшелігі сол, әрбір азамат өзінің өтініші қайда, қандай мекемеге жолданғанын, қай кезде қаралғанын жүйе арқылы қарап, бақылай алады. Сонымен қатар арыз-шағымына деген мемлекеттік мекеменің жауабын бағалауға да мүмкіндігі бар. Осы арқылы тиісті органдардың халыққа қызмет көрсету сапасын саралауға болады.
Жүйеде өтініші тіркелген азаматтарға SMS-хабарлама арқылы арыз-шағымының қаралу кезеңдері туралы хабарламалар жіберіледі. Оның қаралу тарихы жүйеде сақталады және мемлекеттік орган бұрын қандай шешім қабылданғанын саралай отырып, әкімшілік іс қалыптастыра алады.
Eotinish электронды өтініштер жүйесінің бас операторы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы. Корпорацияның міндеті – eOtinish арқылы алынған деректерге талдау жүргізеді. Мұндай талдау жұмыстары еліміздің әр өңіріндегі тұрғындарды қандай мәселе көбірек толғандыратынын, мемлекеттік органдар қаншалықты тиімді жұмыс істейтінін анықтауға мүмкіндік береді екен.
Ресей мен Украина делегациялары Түркияда кездеседі
Әлем • Бүгін, 12:23
Науқастардың 98 пайыздан астамы сауығып шықты – Ажар Ғиният
Коронавирус • Бүгін, 12:15
Жаңа штамм: Қазақстанда қайта карантин енгізіле ме?
Коронавирус • Бүгін, 12:07
Қазақстандық кикбоксерлер әлем кубогында топ жарды
Елорда • Бүгін, 12:00
Қосымша кәсіпкерлікпен айналысқан 23 мектеп директоры айыппұл төледі
Қоғам • Бүгін, 11:52
Өзбекстанда елшілік жанынан арнайы дауыс беру учаскесі ашылады
Әлем • Бүгін, 11:48
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Бүгін, 11:40
Жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді қалай алуға болады
Қоғам • Бүгін, 11:38
«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Аймақтар • Бүгін, 11:28
ШҚО-да елікті атқан браконьер сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:20
Брюссельде Орталық Азия-Еуроодақ қауіпсіздік диалогының отырысы өттІ
Қазақстан • Бүгін, 11:13
Терек мамығымен ойнаған балалар үйді өртеп жіберді
Оқиға • Бүгін, 11:06
BATYR BEINESI коллекциялық монеталары айналымға шығады
Қазақстан • Бүгін, 11:00
Түркістанда «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклі қойылады
Өнер • Бүгін, 10:48
Педагогтерді бағалауда жетістікке жеткен оқушылардың нәтижесі назарға алынады
Білім • Бүгін, 10:40
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Швейцариядан жеңіліп қалды
Хоккей • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 6 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Алматы облысының 1500-ге жуық тұрғынын кене шаққан
Аймақтар • Бүгін, 10:28
Медициналық пойыздар шалғай аймақтарға жолға шығады
Медицина • Бүгін, 10:17
Қазақстанда вакцина алғандар саны 9,4 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі артты
Қоғам • Бүгін, 09:59
18 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:47
Ішкі істер министрлігінде кадрлық өзгерістер болды
Тағайындау • Бүгін, 09:39
Оқиға • Бүгін, 09:27
Қазақстандық боксшы қыздардың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды
Бокс • Бүгін, 09:12
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:07
Экология • Бүгін, 07:42
Аймақтар • Бүгін, 07:40
Спорт • Бүгін, 07:38
Теннис • Бүгін, 07:36
Жарысты 29 жүлдемен қорытындылады
Спорт • Бүгін, 07:34
Орнын толтыратын олқылықтар бар
Қоғам • Бүгін, 07:32
Қазақ үшін ауылдың орны ерекше
Ауыл • Бүгін, 07:30
Ұйымшылдық – іргелі істер бастауы
Қоғам • Бүгін, 07:28
«Министр кубогы» сарапқа салынады
Спорт • Бүгін, 07:26
«Ролан Гаррос-2022»: Франция кортында кімдер өнер көрсетеді?
Теннис • Бүгін, 07:24
Футбол • Бүгін, 07:22
Әдебиет • Бүгін, 07:20
Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:18
Руханият • Бүгін, 07:18
Ұқсас жаңалықтар