Аймақтар • 16 Шілде, 2021

Алматының екі ауданында ыстық су уақытша тоқтатылады

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының екі ауданындағы үйлердің бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматының екі ауданында ыстық су уақытша тоқтатылады

Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС мәлімдеді.

Алматының Наурызбай және Түрксіб аудандарының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үй мен өзге де ғимараттарға ыстық су беру мына көшелер бойынша шектеледі:

19 - 23 шілде аралығында - Остроумова - Дегдар - Красногорская;
21 шілдеден 9 тамызға дейін - Райымбек - Әшімов - Абай - Карьерная;
21 шілдеден 17 тамызға дейін - Гете - Майлин - Заславский - Новосибирск,
Лавренева - Дунентаева - Соболева - Зимняя,
Сүйінбай - Бекмаханов;
21 шілдеден 18 тамызға дейін - Собинова - Монтажная - Поддубный - Беринг.

Қаланың жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау шеңберінде жоспарланған қазандықтарда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шектеулер енгізіледі, бұл күзгі-қысқы кезеңде жылу энергиясын өндіру процестеріндегі тәуекелдерді барынша азайту үшін қажет екені хабарланды.