Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 шілде күні сағат 01.25-те Павлодар ауылының жанында «Лада Веста» маркалы автокөлігі «УАЗ» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
- Жол-көлік оқиғасы салдарынан «УАЗ» автокөлігінің 31 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші жарақат алып, Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды, - деді департамент өкілдері.
Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Омбы тас жолында жол апатынан зардап шеккен үш адам туралы хабарлады. Олардың бірі - 1991 жылы туған ер адам нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылған.
- Ер адамда ашық бас сүйек-ми жарақаты, мидың контузиясы және төбе желке сүйегінің сынуы тіркелді, - деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
1996 және 1994 жылы туған зардап шеккен екі ер адамға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне амбулаториялық бақылауға жіберілді.