Өнер • 16 Шілде, 2021

Мәдениет министрі Иманбектен үлгі алуға шақырды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновтың шығармашылығы туралы пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz

Мәдениет министрі Иманбектен үлгі алуға шақырды

Министрдің айтуынша, Иманбек айналысып жүрген саунд-дизайнды санаулы ғана консерватория мен университет үйретеді.

«Бұл  салыстырмалы түрде жаңа сала. Онда сіз талантсыз және еңбексіз ештеңеге қол жеткізе алмайсыз. Әріптестерім, академиялық музыканттар арасында, Иманбек жасаған ремикстің танымал болу себебі туралы қызу пікірталас болды. Иә, оның нұсқасы түпнұсқаға қарағанда тез, бірақ  мәселе мұнда емес. Ол би ырғағын өте нәзік және биік талғаммен таңдап, әннің тембр палитрасын толығымен өзгертті және құлаққа жағымды электронды эффектілер қосты. Бұл «ауылдан шыққан жігіттің» жетістігі, әрине, кездейсоқ емес және үлгі тұтарлық», деді министр.

Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлова қазіргі медиа кеңістігінің өте тез өзгеретінін айтып, оған бейімделу үшін Иманбек сияқты жастардан үлгі алу керектігін айтты.