Өнер • 16 Шілде, 2021

Бәрі аяқ астынан келе салған жоқ - Ақтоты Райымқұлова

618 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Димаш, Иманбек сынды қазақ артистерінің шетелде тез танымал болуының құпиясын айтты, деп жазады Egemen.kz

Бәрі аяқ астынан келе салған жоқ - Ақтоты Райымқұлова

«Ресейде қазақтардың феномені туралы көп айтылады. Біздің бір кездесуімізде де осы туралы сөз болды.  Шамасы, музыка мен поэзияға деген ерекше қатынас - генетикалық кодымызда бар нәрсе. Біздің жерімізде дүниеге келгендердің бәрінде ақындық қабілет бар екеніне толық сенімдімін», деді Ақтоты Райымқұлова. 

Министр 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік көрмеде Арқа әнінің әйгілі дәстүрін көрермен назарына ұсынған Әміре Қашаубаевты еске түсірді.

«Қазір әлем жаһандық сипатқа ие болды. Барлық кедергі жойылды. Ал Қазақстан әлемдік мәдени коммуникацияға көбірек араласа бастады. Бүгінде бізді барлық континетте тыңдайды. Қазақ артистерінің жетістік құпиясы мәдени ортаның, қол жетімді музыкалық білімнің, табиғи таланттың және әрине, еңбекқорлықтың ерекше үйлесімінде деп ойлаймын. Мысалы, Иманбек, Димаш немесе біздің басқа да өнер майталмандары туралы кім не айтса да, олардың жетістігі, ең алдымен, көп сағаттық жалынды жұмыстың нәтижесі.

Сырттан қарағанда, олардың жетістігі сәттілік сияқты көрінуі мүмкін. Мысалы Jah Khalib консерваторияда оқыды. Менің шәкіртім. Ол кезде мен «Арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі және проректор болдым. Ол студияда көп жұмыс істеді. Түнде жұмыс істейтіндіктен, сабаққа көзі қызарып келетін. Өте дарынды жігіт. Яғни, бәрі аяқ астынан келе салған жоқ», деді министр.