Аймақтар • 16 Шілде, 2021

Қызылорда облысында Құрбан айтқа байланысты жаңа қаулы қабылданды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында карантин талаптарына байланысты жаңа қаулы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында Құрбан айтқа байланысты жаңа қаулы қабылданды

Онда құрбан айт мерекесі кезінде өңір тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жағдайы ескерілген.

Жаңа қаулыда меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үйлер мен мешітте адам көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынғаны көрсетілген. Мал союды ұйымдастыру және өткізуге болмайды.

«Автокөліктер мен жеке тұрғын үйлерде мал сатуға тыйм салынады. Аталған жұмыстар ветеринариялық қызметтің ресми ветерианриялық-санитариялық қорытындысын алған сою пунктері мен алаңдарда ұйымдастыруға рұқсат етілген. Ал мал сою тек ветеринариялық сертификаты болған жағдайда жабық режимде тек тапсырыспен жеткізу үшін келушілерсіз жүргізіледі. Құрбандық шалу онлайн режимде өткізіледі», деп атап көрсетілген қаулыда.

Сондай-ақ, облыстың барлық аумағындағы сою пунктерінде күшейтілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізіледі.

 

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуына әкімдіктер жанындағы мобилді топтар арқылы мониторинг жүргізіледі.