Қазақстан • 17 Шілде, 2021

17 шілдеге арналған ауа райы болжамы

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр жауады, найзағай болады, оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда бұршақ түседі, тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, түнде солтүстікте тұман болады, деп жазады Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. 

17 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Алматы, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының аудандарында түнде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ болады.

Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.