Органикалық өндіріске арналған көрмеге аграрлық ғылым мен бизнес өкілдері қатысты. Іс-шара биылғы жылдың 14-16 шілдесінде Ақмола облысы Ақкөл ауданы «Еңбек» ЖШС демонстрациялық алаңдарында өтті. Ұйымдастырушы - «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ.
Көрме барысында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ның еншілес компаниялары органикалық егіншілік және АӨК цифрландыру саласындағы жаңа әзірлемелермен таныстырды, дәнді, майлы және жемдік дақылдардың жаңа сорттарын көрсетті.
Шара ауылшаруашылық ғалымдарына фермерлердің шұғыл қажеттіліктері туралы білуге, ауылшаруашылық тауар өндірушілерден кері байланыс алуға және оларды соңғы ғылыми әзірлемелермен жақынырақ таныстыруға көмектеседі.