Елорда • 17 Шілде, 2021

Вакцина алған елордалықтар арасында екінші ұтыс ойналытады

366 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында екі iPhone12 және бағалы сыйлықтар ойнатылады. Ұтыс ойынына 7 шілде мен 16 шілде аралығында екпе алған адамдар қатысады. Олардың саны - 53279 адам, деп жазады Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Вакцина алған елордалықтар арасында екінші ұтыс ойналытады

Ұтыс тікелей эфирде 17 шілде күні сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде (Facebook, YouTube) өтеді.  

Естеріңізге сала кетейік, iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың алғашқы ұтыс ойыны 9 шілдеде өтті. Сол кезде автоматты ұтыс ойынына вакцинация басталған сәттен бастап қалада 6 шілдеге дейін вакцинацияланғандар қатысқан.

Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол вакцинацияланғандар арасында ID бойынша жүлде иегерлерін генерация арқылы таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты.

Вакцинацияланғандар жүйесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде өтеді, яғни екпе алғандарға құжат толтырудың қажеті жоқ. 

Елорда әкімдігі осындай ұтыс ойындарын апта сайын жаздың соңына дейін өткізеді.

Айта кетейік, елордада екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер де ойнатылады. Оған осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады.

Сондай-ақ «MEGA Silk Way» СОО вакцинация пунктінде бірінші компонентпен вакциналанғандар арасында автокөліктің ұтыс ойыны жарияланды. 

«Аталған ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өз денсаулығын да, жақын және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады.Себебі, басты мақсат — ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі бұрынғы режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы керек», деп жазады қала әкімдігінің сайты.