Аймақтар • 17 Шілде, 2021

ШҚО-да екпе алғандарға сыйақы берілді

5423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вакцинациядан өткен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің барлық қызметкеріне сыйлық беріледі, деп жазады Egemen.kz.

ШҚО-да екпе алғандарға сыйақы берілді

Наурыз айының соңында аталған жоғары оқу орында егу жұмыстары басталған. Қазіргі уақытта мұндағы оқытушылар мен қызметкерлердің 98% вакцина алып, сыйақыға ие болды.

– Алғашқы болып мен екпе алдым. Қалай дегенмен короновирус инфекциясының беті қайта қойған жоқ. Содан кейін әріптестерім де вакцина ала бастады. Алдыңғы қатарда М.Дудкин, А.Хапин, М.Мизерная, Н.Куленова сынды профессорларымыз егілді. Осы орайда академик Б.Дьячковты ерекше атап өткім келед. Ол өзі тоқсанға таяса да, вакцина алды. Әскери кафедра, редакциялық баспа бөлімі, ішкі қауіпсіздік қызметі сияқты көптеген бөлімшелер алғашқылардың бірі болып вакцина алды, – дейді оқу орынның ректоры Жасұлан Шаймарданов.

Осылайша ұжым өзінің бірлігі мен жауапкершілігін көрсетіп, ұжымдық иммунитетті қолдады. Студенттерге де түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Олардың көбі вакцинация қажет екенін түсініп отыр.

Университет басшысының пікірінше, ұжымдық иммунитет қалыптасқандықтан, 1 қыркүйекте оқу процесі дәстүрлі форматта басталуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысы