Оның ішінде 137 арызданушыға түсіндіру жұмысы жүргізілген. 72 арызға жауап беріліп, тұтынушылардың 2210343 теңгесі қайтарылды.
«23 арызда қозғалған мәселе департаменттің қызметіне қатысты болмағандықтан, тиісті органдарға жолданды», дейді Әлем Уәлиев.
Департамент басшысының мәлімдеуінше, жыл басынан бері 117 тұтынушы тікелей және байланыс телефоны арқылы консультативтік кеңес алған.
Ал e-tutynushy.kz сервистік платформасына түскен 12 арыз жазушының жетеуіне түсіндіру жұмысы жүргізіліп, бесеуінің талабы қанағаттандырылған.