Елорда • 18 Шілде, 2021

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылды

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылды

«Азаматтарды қабылдауды тұрақты жүргізуді жалғастырамыз. Бүгін тағы 8 адамды жеке қабылдадым. Жыл басынан бері 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылды. Қабылдауда көтерілетін негізгі мәселелердің қатарына тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, әлеуметтік және медициналық көмек, елді мекендерді дамыту, білім алу, абаттандыру және т.б. жатады. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй, медициналық және оңалту нысандары құрылысының көлемі ұлғайды. Мысалы, осы айда көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша (Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 9/1) ашылды. Қазір балалар мекемеге барып жүр. Балабақшада тәрбиешілермен бірге медициналық қызметкерлер де жұмыс істейді. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығының желісін айтарлықтай кеңейттік. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі негізде жалғастырамыз.

Азаматтарды қабылдаудан бөлек қала тұрғындарымен өзара байланысты нығайтуға елорда аудандары, соның ішінде елді мекендерді тұрақты аралау айрықша көмектеседі. Бұл шаралар тұрғындарды барынша көп қамтуға мүмкіндік береді. 

Қала тұрғындары көтерген мәселелерді назарға алып, жұмыс істейтін боламыз», деп жазды елорда әкімі.