Әлем • 19 Шілде, 2021

Барселонада өрт шықты

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каталония өрт сөндіру­шілері Барселона маңындағы Жиронада орналасқан Кап Креус ұлттық саябағында тілсіз жаумен күресіп жатыр.

Барселонада өрт шықты

Өрт сөндірушілердің айтуынша, оқиға орнына жақын жердегі 350 адам үйлерінен эвакуацияланған.

Бұл аймақ туристердің сүйікті мекені болатын және осы маусымда жиі баратын мекендердің біріне айналған. 

Жергілікті биліктің мәліметінше, орман өрті 400 гектардан астам жерді шарпыды.

Женералитеттің ішкі істер кеңесшісі Джоан Игнаси Елена сенбіде осы аймаққа барып, азаматтарды жауапкершілікпен әрекет етуге шақырды.

«Өртке темекі тұқылы себеп болды және бұл – біз үшін, азаматтарымыз үшін ұят нәрсе»,  деді ол.

Қазіргі уақытта 200-ден астам өрт сөндіруші, бірнеше тікұшақ жұмыс істеуде. Төрт өрт сөндіруші жеңіл жарақат алып, бір орманшы жылу соққысынан зардап шекті. Женералитеттің ішкі істер кеңесшісі Францияның өрт сөндіру қызметтерінен, сондай-ақ орталық үкіметтен көмек сұралғанын хабарлады. Өртті сөндіруге 80 өрт сөндіру бригадасы қатысады.

Ыстық және құрғақ климатқа байланысты Испа­ния жазда орман өрттерінен жиі зардап шегеді. Сарапшылардың пікірінше, жаһандық жылынудың салдарынан өрт жиі және жойқын болып жатыр.