Коронавирус • 19 Шілде, 2021

Тәулігіне 80-100 мың адам вакцина салдырады

222 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде «COVID-19-ға қарсы вакциналау: өзекті сұрақтарға жауаптар» тақырыбында сараптамалық баспасөз мәслихаты өтіп, онда медициналық қоғамдастықтың белгілі өкілдері вакциналау қажеттілігі туралы айтты.

Тәулігіне 80-100 мың адам вакцина салдырады

Бүгінгі таңда елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 7,6 млн адам алды. Оның ішінде бірінші компонентпен 4 872 183 адам вакцина салдырды, бұл тиісті ха­лықтың 46%-дан астамын құрайды. Екінші ком­­понентпен 2 772 914 адам қам­тыл­ған. Егу пункт­терінде вакцина көлемі жеткілікті: бі­рін­ші ком­по­ненттің шамамен 753 мыңы және екінші компоненттің 1 млн 280 мыңы бар. Тәулік сайын рес­пуб­лика бойынша орта есеп­пен 80-100 мың адам вакцина салдыра­ды.

Инфекциялық ауруларды эпи­­демия­лық қадағалау бө­­лімінің басшысы Роза Қожа­по­ва вакциналау – вирустың таралуын азайтудың және бұрынғы өмір салтына, жұмысқа, қарым-қатынасқа, отбасылық дәстүрге және саяхатқа оралудың жалғыз тәсілі екенін айтты. Қазір алаң­даушылық тудыруы мүмкін жа­ңа штамдардың пайда болуын тоқтатудың ең тиімді шарасы да – вакциналау. Мақұлданған COVID-19-ға қарсы вакциналар вирустың жаңа нұсқаларынан біршама қорғауды қамтамасыз етеді, өйткені бұл вакциналар бірқатар антиденелер мен жасу­шалардың қатысуымен кең иммундық реакцияны тудырады. Сондықтан вирустың өзгеруі немесе мутациясы вакциналарды толығымен тиімсіз етпеуі керек.

Денсаулық сақтау магис­трі, Санитария­лық-эпидемио­логиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық ор­талы­ғының өкілі Манар Сма­ғұл вирус мутация­сының себептерін және одан міндетті түрде қорғауды түсіндірді.

«Вирустар барлық тіршілік иелері сияқты өмір бойы му­тация­ға ұшырайды. Вирус­тың му­тациясы бірнеше апта немесе айлар ішінде сезімтал адамдарға байланыс­ты тез жүреді. Кейбір мутациялар вирусты тұрақсыз және осал етеді, ал кейбір мутация­лар вирустың жұқпалы болуын, өлімді арттырады, ауру­дың ауыр ағымын тудырады. Қол­даныстағы вакциналардың, емдеудің және басқа да алдын алу шараларының тиімділігін төмендететін мутацияның алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», деді сарап­шы.

Қазақстанда бүгінгі таңда негізінен COVID-19-ға қарсы екі вакцина – Спутник V мен QazVac пайдаланылады, бірқатар өңірде аз мөлшерде Hayat Vax және CoronaVac бар.