![Президент: Біздің ең өзекті мақсатымыз – адам өмірін сақтау](/media/2021/07/19/crop-8_5_363x682_16301429.jpg)
«Біздің ең өзекті мақсатымыз – вирустың таралуын тоқтату емес. Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу», дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Аталған жиынға Премьер-Министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысып отыр.