Президент • 19 Шілде, 2021

Президент: Біздің ең өзекті мақсатымыз – адам өмірін сақтау

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының қатысуымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент: Біздің ең өзекті мақсатымыз – адам өмірін сақтау

«Біздің ең өзекті мақсатымыз – вирустың таралуын тоқтату емес. Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу», дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Аталған жиынға Премьер-Министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысып отыр.