Спорт • 19 Шілде, 2021

Олимпиада ойындарын қайдан тамашалауға болады?

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олимпиада ойындарының басталауына бір аптадан аз ғана уақыт қалды. Дегенмен, әлі күнге дейін әлемдік доданы Қазақстанның қай арнасы көрсететіні белгісіз, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олимпиада ойындарын қайдан тамашалауға болады?

Бүгін отандық журналист Сергей Райлян Facebook-парақшасында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға сауал жасады. 

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақтоты Райымқұловаға сұрақ: «Не себепті телевидениеден Олимпиада-2020 ойындарын көре алмаймыз?», деп жазды журналист. 

Ал, Қазақстан ұлттық арнасының баспасөз хатшысы Айдын Дүйсенбайқызы Prosports.kz сайтына трансляция мәселесі әлі шешілмегенін, жақын уақытта белгілі болатынын айтты.