2021 жылдың алғашқы жартысын қорытындылаған Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алты ай ішінде жарты миллиард теңгеге жуық мемлекет қаржысы үнемделгенін мәлімдеді.

Мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізген департамент мамандары жарты жыл ішінде 580 млн теңгеден астам қаржыны бюджет қоржынына қайтарып берген. Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Рүстем Болаттың айтуынша, жыл басынан бері 174 лот бойынша 100-ден астам тапсырыс берушіге ұсынымдар жоғары бағамен жіберіліп отырған.
– Бірыңғай сатып алу терезесі порталын мониторингілеу, ең алдымен, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және дер кезінде ескерту тетігі болып саналады. Сондай-ақ бюджетті игерудің бастапқы кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді. Бұл салық төлеушілердің ақшасын үнемдеп қана қоймай, лауазымды тұлғалардың осы қаражатты ұтымды жоспарлап, игерудегі жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан осы бағытта жұмысты сапалы жалғастыру қажет, – деді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің басшысы Қуаныш Бекбасов.
Жиын барысында Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау барысында облыс бойынша 500-ден астам мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатындағы ішкі талдау шаралары жүргізілгені айтылды. Олардың ішінде қала және аудан әкімдіктері, облыстық басқармалар, сондай-ақ ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің аппараттары бар. Нәтижесінде, 613 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, мемлекеттік органдарға анықталған келеңсіздікті жою туралы 1 мыңға жуық ұсынымхат жіберілген.
– Бұл шаралар салалық заңдардың кемшін тұстарын анықтауға, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметіндегі ішкі олқылықтарды дер кезінде көре білуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ алдағы уақытта мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау мүмкіндігін айтарлықтай төмендетуі тиіс, – деді департамент басшысы.
Қуаныш Бекбасов алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту шараларына басымдық берілетінін атап өтті. Департамент басшысының сөзінше, жыл басынан бері түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдарға қылмыстың және басқа да құқық бұзушылықтардың себеп-салдарларын жою жөнінде 27 ұсынысхат жіберілген. Олардың бесеуі жекелеген басшыларға қатысты екен.
Алғашқы жартыжылдықта аталған департаменттің мамандары 42 қылмыстың бетін ашқан. Оның 39-ы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс саналады. Бұл істерді тергеу барысында қылмыскерлердің мемлекетке 707 млн теңге зиян келтіргені анықталып отыр.
– Бүгінге дейін 706 млн теңге қайта өндіріліп алынды. 22 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 2 облыстық, 3 қалалық және 2 аудандық деңгейдегі 7 мемлекеттік мекеменің басшысы бар, – деді Қ.Бекбасов.
Қостанай облысы
Кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек - Президент
Бизнес • Бүгін, 18:11
Референдумда әр азаматтың дауысы айрықша рөл атқарады – Президент
Қазақстан • Бүгін, 18:07
Аймақтар • Бүгін, 17:57
Павлодар облысының тұрғыны полицияға 138 патрон тапсырды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Жылжымалы медициналық кешендерде 1,8 млн тұрғын екпе алды
Коронавирус • Бүгін, 17:38
Президент отандық бизнес өкілдерімен кездеседі
Президент • Бүгін, 17:20
Алматыда пәтер ұрылары қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 17:16
Қаржы • Бүгін, 17:01
Мәскеу мұрағатынан қазақ хандары жазған хаттар табылды
Тарих • Бүгін, 16:50
Түрмеге ұялы телефон алып өтпек болған жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:43
Талдықорғанда ұрланған көлікпен қашқан оқушы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:35
Алматының таулы аудандарында құрылысқа тыйым салынуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 16:22
Атырау облысында аурухана директорына әкімшілік айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 16:17
Елордада екі көше уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 16:06
Еуроодақ еліміздің ұшу қауіпсіздігін арттыру деңгейін бағалады
Қазақстан • Бүгін, 15:52
Елімізге контрабанда арқылы зиянды ойыншықтар жеткізілуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:43
АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны миллионнан асты
Әлем • Бүгін, 15:33
Ерлан Қарин Ұлттық құраманы Сурдлимпиададағы жеңісімен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 15:26
Балқаш көлінен жүзден аса браконьерлік ау табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:15
Кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған ер адам ұсталды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Президент Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 14:55
Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:52
Алматы облысында қоқыс арасынан 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 14:40
Оралда түрмедегі төбелеске байланысты 12 қызметкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 14:33
Sarap: Конституциялық референдум – жалпыхалықтық дауыс
Қазақстан • Бүгін, 14:25
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Бокс • Бүгін, 14:18
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Ұқсас жаңалықтар