Елдегі президенттік сайлаудың бірінші кезеңі 11 сәуірде, екіншісі - 6 маусымда өтті.
Сайлаудың екінші турының нәтижелері бойынша ең көп дауысты 50,12 пайызбен «Еркін Перу» партиясының кандидаты Педро Кастильо Терронес жеңіп алды. Оған барлығы 8 836 380 сайлаушы дауыс берген.
Халықтық билік партиясының өкілі, экс-президенттің қызы Альберто Фухимори Кейко Фухимори 44 мыңнан астам дауыс жинаған.
Бұған дейін Фухимори Перудің ұлттық сайлау қазылар алқасынан 200 мыңға жуық дауыстың күшін жоюды талап еткен.
Жаңа сайланған президент 28 шілдеде, Перу тәуелсіздігінің 200 жылдығы күні қызметіне кіріседі. Оның өкілеттік мерзімі 2021 жылдан 2026 жылға дейін жалғасады.