Қоғам • 21 Шілде, 2021

Өзбекстаннан келетін су көлемі көбейетін болды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Ш.Хамраевпен кездесуі барысында белгілі болды, деп жазады Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өзбекстаннан келетін су көлемі көбейетін болды

Ташкент қаласында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев пен Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Ш. Хамраев кездесті.

Тараптар Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы су жағдайын жақсарту жөніндегі бірлескен шараларды талқылады.

Кездесу соңында Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарының фермерлері үшін «Достық» мемлекетаралық арнасы бойынша су жіберу көлемі 80-нен 90 м3/с дейін ұлғайтылды. Шардара су қоймасына келетін ағынды арттыру бойынша бірлескен шараларды жалғастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Сонымен қатар екі ел Үкіметі арасындағы Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы Келісімнің жобасы талқыланып, жылдың соңына дейін келісу рәсімдерін аяқтауға ниетті екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50