Аймақтар • 21 Шілде, 2021

Өзін полициямын деп таныстырған жігіт тұрғындарды тонаған

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда тараздық жігіт өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, өтіп бара жатқан адамдарды тонаған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзін полициямын деп таныстырған жігіт тұрғындарды тонаған

Мұндай оңай пайда табудың әдісін Жамбыл облысының 20 жастағы тұрғыны талай рет пайдаланған екен.

– Ш. есімді ер адам бұрын тонау ісі бойынша сотталған. Бұл жолы қылмыстың әдісі аздап өзгертілген. Енді ол өзін полиция қызметкері ретінде көрсетіп, өтіп бара жатқан адамдарды тонаған. Ұстау кезінде одан полиция формасы тәркіленді. Күдіктінің Алматы аумағында және Алматы облысының шекаралас аудандарында жасалған басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта осы адам жасаған бес қылмыстық эпизод анықталды, – деді Медеу АПБ-ның бастығы Дәурен Өтебаев.