
«Коронавирус індетін локдаун, шектеу шараларын енгізу арқылы жеңе алмаймыз. Бұл шаралар COVID-19 инфекциясының таралу көрсеткішін уақытша төмендетуге ғана мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде науқастарды аман алып қалуға септігін тигізеді.
Пандемияны вакцинация арқылы ғана жеңуге болады. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру әрқайсымызға тікелей байланысты. Себебі ұжымдық иммунитет қалыптасқанда ғана оқушылар мен студенттер сабағын оффлайн режимде оқи алады, сол сияқты кәсіпорындардың бәрі карантиндік шектеусіз жұмыс істейтін болады. Ең бастысы – адам өлімінің саны азаяды. Бұл жай сандар емес, әрқайсысында бір адамның өмірі мен олардың отбасыларының тағдыры тұр!
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында медицина мекемелерінің дәрігерлерімен эпидемиологиялық ахуалды талқыладық.
Бірінші. Мобильді бригадалар санын арттыру.
Қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың үйіне баратын 186 бригада бар. Олар науқастардың денсаулығын тексеріп, ПТР алады, сондай-ақ қарым-қатынаста болған азаматтарды тексереді. Бригадалар санын тағы 100 бірлікке көбейтуді тапсырдым. Енді 300-ге жуық мобильді бригада қызмет ететін болады.
Екінші. Медицина мекемелерін барынша жабдықтау.
Медицина мекемелерін қажетті аппараттармен жабдықтауды биыл да жалғастырамыз. Мәселен, қосымша жылжымалы рентген аппараттары, пациент мониторлары, перфузорлар және т.б. жеткізілді.
Мысалға өткен жылдың өзінде медицина мекемелері 1 мыңнан астам флуометрмен, 330-дан астам оттегі концентратымен, 50-ден астам өкпені жасанды желдету аппаратымен толықтай жабдықталды. Сондай-ақ, КТ аппараттары, цифрлы рентгенографиялық жүйелер, оттегі резервуарлары және т.б. орнатылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай да жалғасуда.
Үшінші. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының екі айлық қоры болуы тиіс.
Төртінші. Вакцинация қарқынын арттыру.
Медицина мекемелерінің бәрінде, сол сияқты ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде вакцинациялау пункті ашылды. Сонымен қатар, еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар ұйымдастырылды. Қазір 318 мыңнан астам адам вакцина алды.
Сондай-ақ, санитарлық нормаларды сақтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.
Вакцинация – жай ғана таңдау емес. Алдыңызда екі таңдау тұр: вакцинация арқылы толыққанды салауатты өмірді таңдайсыз немесе аурухана төсегіне таңылып, індетпен күресуіңізге тура келеді. Себебі коронавирус адам ағзасын әлсіретіп, денсаулыққа қатты соққы береді. Мұндай қауіпті шақта денсаулығыңызды қатерге тікпеңіз. Вакцинация ғана өзіңізді, жақындарыңызды және айналаңыздағы адамдарды қорғауға мүмкіндік береді!», деп жазды елорда әкімі.
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Бүгін, 21:48
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Бүгін, 21:30
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Бүгін, 21:24
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Бүгін, 21:03
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Бүгін, 20:45
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:23
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Бүгін, 20:00
Жайна Шекербекова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бокс • Бүгін, 19:47
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Бүгін, 19:30
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Бүгін, 19:12
Елордада іскер әйелдер қауымдастығы дөңгелек үстел өткізді
Елорда • Бүгін, 18:58
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына өтті
Бокс • Бүгін, 18:43
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Бүгін, 18:25
Шетелдік мультфильмдерді қазақ тіліне аударуға қанша қаржы бөлінді
Қоғам • Бүгін, 18:16
Тыйым салынған діни кітаптарды таратқан әйел жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 18:00
БҰҰ Қазақстанның экология саласындағы бастамаларына қолдау жасайды
Экология • Бүгін, 17:52
Алматыда «Атакент» маңында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 17:45
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 17:38
Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысты қосымша тапсырма берді
Қоғам • Бүгін, 17:33
Аймақтар • Бүгін, 17:27
«Bala Qorgau» интернет-ресурсы іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 17:17
Мемлекет басшысы Садыр Жапаровпен сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:06
Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:00
Қаржы • Бүгін, 16:56
Президент туған күніне байланысты құттықтаулар әлі де келіп жатыр
Президент • Бүгін, 16:52
Мәжіліс депутаттары халықты референдумға қатысуға шақырды
Парламент • Бүгін, 16:45
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы өзгерді
Қазақстан • Бүгін, 16:30
Қазақстан-Чехия бағытында әуе рейсі ашылады
Қазақстан • Бүгін, 16:27
Павлодар жағалауында қамыс өртенді
Оқиға • Бүгін, 16:17
Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 16:10
35 мыңға жуық ресейлік азамат Қазақстаннан ЖСН алған
Қоғам • Бүгін, 15:57
Еліміздегі Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі маусымда аяқталады
Коронавирус • Бүгін, 15:51
Енді қаржы пирамидалары жайлы SMS арқылы ескертіледі
Қоғам • Бүгін, 15:44
Көкшетауда есірткі тасымалдаған жас жігіт ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Пандемиямен күреске қанша қаржы жұмсалғаны айтылды
Коронавирус • Бүгін, 15:28
Жамбылда жалған неке куәлігін жасатқан әйел ұсталды
Оқиға • Бүгін, 15:22
«Бәйтерек» холдингінің басқарушы директорлары қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 15:18
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды
Президент • Бүгін, 15:11
Қоғам • Бүгін, 15:10
Ұқсас жаңалықтар