Аймақтар • 21 Шілде, 2021

«Бетін шанышқымен күйдірген»: Түркістан облысындағы оқиға тексеріліп жатыр

764 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері келін мен қайынәпкесінің арасындағы оқиғаға байланысты пікір білдірді деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бетін шанышқымен күйдірген»: Түркістан облысындағы оқиға тексеріліп жатыр

Түркістан облысында ақыл-есінің дамуында тежеуі бар келіншектің бетін қайынбикесі ыстық шанышқымен күйдірген. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай хабарлаған. Келінге мұндай қорлық көрсетуге себеп болған жайт – газ плитасын уақытылы жумауы.

«Отырар АПБ-ға осы жазбадағы жайт бойынша ешкім арызданбаған және хабарлама түсірмеген. Десе де, бұл жайт Түркістан облыстық Полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды. Отырар АПБ полицейлермен заң аясындағы тексеру жұмыстарының барлығы іске асырылуда», делінген полиция таратқан хабарламада.

Ал бүгін келінінің бетін ыстық шанышқымен күйдірген әйел көпшіліктен кешірім сұрады. «Бұл қадамға ашумен бардым» деген қайын әпкенің видеомәлімдемесі журналист Гүлмира Әбіқайдың Instagram парақшасында жарияланған.

«Мен байқамай қалдым. Ыза-күйіктен ашуланып істедім. Бүкіл Қазақстан халқынан кешірім сұраймын. Енді мұндай қайталанбайды», дейді өзін Бағила Кәрібай деп таныстырған әйел.