Елорда • 21 Шілде, 2021

Вакцинация: Нұр-Сұлтанда кезекті ұтыс өтеді

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда 24 шілде күні вакцинация алғандар арасында екі iPhone 12 және басқа да бағалы сыйлықтардың кезекті ұтыс ойыны өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Вакцинация: Нұр-Сұлтанда кезекті ұтыс өтеді

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Кезекті екі iPhone 12 және басқа да құнды сыйлықтардың үшінші ұтыс ойынына 17 шілде мен 23 шілде аралығында вакцинацияланғандар қатысады. Қатысу автоматты түрде жүргізіледі. Оған арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ.

Ұтыс тікелей эфирде 24 шілде (сенбі) күні сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында өтеді. Елорда әкімдігі iPhone 12 және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын апта сайын, жаздың соңына дейін өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, төрт iPhone 12 және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны 9 және 17 шілдеде өтті. Ол кезде автоматты ұтыс ойынына вакцинация басталған сәттен бастап 16 шілдеге дейін екпе алғандар қатысты. Жүлделердің ұтыс ойыны демеушілер есебінен өткізіледі.

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өз денсаулығын, жақындары мен айналасындағы жандардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Себебі, басты мақсат — ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы керек.