Жаңа үлгідегі аялдамалар демеушілер тарапынан пайдалануға беріледі.
Осыған орай Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев инвесторлармен кездесіп, құрылыс жоспарын пысықтады. Басты мақсат – қала тұрғындары мен қонақтарына мейлінше жайлы жағдай жасау.
«Ақылды» қала атанудың алғышарты – қауіпсіздік. Сондықтан қоғамдық орындарды жіті қадағалау мақсатында аялдамаларға бейнебақылау камералары орнатылады.
Сондай-ақ жолаушылардың ең басты қажеттіліктері саналатын кондиционер мен wifi, телефон қуаттағыш құрылғысы, маршруттардың бағытын көрсететін жол картасы да қойылады.
Жаңа үлгідегі аялдамалар алдағы айда халық игілігіне беріледі деп жоспарлануда.