Аймақтар • 22 Шілде, 2021

Риддерде электр кабелін ұрлағандар ұсталды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Риддердегі өрт орнынан кабель ұрлауға тырысқан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Риддерде электр кабелін ұрлағандар ұсталды

27 маусымда патрульдік полиция взводының қызметкерлері Риддер қаласының Л. Толстой көшесі бойынша түнгі патрульдеу бағытында ВАЗ автокөлігін байқаған. Көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінен жасырынуға тырысқан.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері дереу көлікті тоқтатқан. Көлік ішінде Риддер қаласының 25 және 27 жастағы тұрғындары болған.

Автокөлікті тексеру барысында көліктің жүксалғышында қаладағы ЖШС-нің біріне тиесілі ұзындығы шамамен 35 метрді құрайтын ВВГ-4*16 қуатты кабелі табылды.

Тергеу барысында анықталғандай, қылмыскерлер Риддердегі орман өрті болған ауданда электр желілері жөнделіп жатқаны мен кернеусіз тұрған электр беру кабельдері тартылып жатқанын біліп, бөтеннің мүлкін иемденбек болған. Жалпы шығын сомасы 107 000 теңгені құрады. Күдіктілер бұл әрекетін толықтай мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.