Аймақтар • 23 Шілде, 2021

Шолақ мылтық тәркіленді

838 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері полицейлермен бірге Өскемен қаласының тұрғынынан 16 калибрлі шолақ мылтық тәркіледі.

Шолақ мылтық тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысында кезекті рет «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның мақсаты қоғамдық тәртіптісақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу еді.  

Өскемендегі бір жас жігіттің үйінен табылған қару «Ижевск» механикалық зауытында шығарылған нөмірлері бар. Маманның пікірінше,16 калибрлі бір ұңғылы, тегіс ұңғылы аңшылық мылтық екен, – деді ОВ 156/20 мекемесінің тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Жасұлан Баденов.

Аталған факт ҚР ҚК 287 бабының 3-бөлігі, яғни, «қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді.