Аймақтар • 23 Шілде, 2021

Студенттер арасында ақшалай сертификаттар ойнатылды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да студенттердің арасында ақшалай сертификаттар ойнатылды. Білім алушылар ұжымдық иммунитетті құруға ат салысып, ұтыс ойынына қатысуға ниет білдірген болатын.

Студенттер арасында ақшалай сертификаттар ойнатылды

Шарт бойынша олар Covid -19-ға қарсы вакцинасының алғашқы компонентін алып, процедураны растау туралы SMS-тің скриншотын арнайы поштаға 15 шілдеге дейін жіберді. Шарттарды толықтай орындаған студенттер ұтыс ойынына қатысуға мүмкіндік алды.

Ұтыс ойыны лотерея форматында өтті. Оның әділдігін Өскемен қалалық жастар орталығыныңөкілі Бақытжан Ерболқызы бақылады.