Аймақтар • 23 Шілде, 2021

Қазалы ауданында қысқы мал азығын дайындау жүріп жатыр

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Қазалы ауданында қысқы мал азығын дайындау жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазалы ауданында қысқы мал азығын дайындау жүріп жатыр

Қазалы ауданында қысқа қажетті мал азығын дайындау жұмыстарын ұйымдастыру үшін алдын ала талдаулар жүргізіліп, іс-шаралар жоспары бекітілді. Жүргізілген есепке сәйкес мал қыстату науқанына 79 400 бас мал түседі деп болжанып, барлығы 142 мың тонна шөп және 28,6 мың тонна жем қажеттілігі нақтыланды. Бұл туралы аудан әкімі Мұхтар Оразбаев өңірлік коммуникациялық орталықта өткен брифингте хабарлады.

Қазір 7100 тонна шөп дайындалған. Оның 800 тоннасы көрші аудандардан сатып алынып отыр.

«Көршілес аудандардан мал азығын тасымалдау шығындары 269,2 млн теңге болады. Соныиен қатар, ҚР Премьер министрінің орынбасары В.Склярдың тапсырмасына орай облысқа сырттан теміржол арқылы жеткізілетін жем-шөптің тасымалдау құнын арзандатылып отыр», деді аудан әкімі.