Спорт • 23 Шілде, 2021

Алғашқы айналымнан аса ала ма?

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио Олимпиадасында сынға түсетін дзюдошыларымыздың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды. 60 килода татамиге шығатын Елдос Сметовтің жеребесі сәтті болғанымен, қалған спортшыларымыздың қарсыластары – «сен тұр, мен атайындар».

Алғашқы айналымнан аса ала ма?

60 килода сынға түсетін Елдос Сметов Олим­пиада ойындарын екінші айналымнан бастайды. Сметовтің қарсыласы – М.Аққұс (Түркия)/Намгел Нгаванг (Бутан) жұбының жеңімпазы болмақ. Ал 66 кило салмақта татамиге шығатын Ерлан Серікжановтың алғашқы қарсыласы – әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Еуропа чемпио­ны, әзербайжандық Орхан Сафаров. Сон­дай-ақ 73 кило салмақ дәрежесіндегі Жансай Сма­ғұловтың жағдайы да мәз емес. Оның қарсыласы – Фердинанд Карапетян. Ар­ме­ниялық спортшы 2018 жылы Еуропа чемпионы атанған.

81 кило салмақтағы Дидар Хамза Токио ойын­дарындағы алғашқы айналымда әлем чемпионы Саид Моллаимен жолықса, 90 кило салмақта белдесетін Ислам Бозбаев Еуропа чем­пионатының екі дүркін қола жүлдегері, әзер­байжандық Мамедәлі Мехдиевпен белдеседі.

48 кило салмақта әйелдер арасында Қазақ­стан атынан жалғыз өзі қатысып отырған Рио Олим­пиадасының жүлдегері Галбадрах От­гонцэцэгтің бірінші айналымдағы қарсы­ласы Азия­ның екі дүркін жеңімпазы, қытайлық Ли Янянь болмақ.