11 Қаңтар, 2014

Арман болған газ – ауылда

284 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осыдан он шақты жыл бұрын Талас ауданындағы Амангелді газ кен орнына бұрғы тісі алғаш рет батырылған кездегі қуаныш үстінде кежегесі кейін тартқан кейбіреулер «мұның қызығын көргенше кім бар, кім жоқ» деп уайым соғып еді.

«Көрінген таудың алыстығы жоқ» деген рас екен.

Облыстың сол тұстағы әкімі Серік Үмбетовтің біліктілігімен жүзеге асқан жоба өткен он жылдың бедерінде өңір экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосты. Ауылдағы ағайындар үшін екі қолға бір жұмыс та табылды. Енді, міне, арман болған сол газ облыс орталығынан шалғайда жатқан ауыл тұрғындарының үйіне де кіргізіле бастады.

Жақында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев осы аудандағы Талапты, Бостандық, Аққұм, Тамабек және Сейілбек ауылдарындағы үйлерге қосылған табиғи газ қуанышына ортақтасып қайтты. Аталған ауылдардағы 2195 үйдің иелері енді табиғи газдың қызметін ауылда отырып-ақ пайдаланатын болады. Ол үшін бюджеттен өткен жылы 475, 3 миллион теңге жұмсалыпты. Биыл жұмыс жалғасын тауып, енді Сәду Шәкіров, Ойық және Тұрымқұл ауылдары тұрғындарының отбасыларына да табиғи газ жеткізіліп беріледі. Бұл игілікке мемлекет қаржысынан 464,7 миллион теңге бөлініпті.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы,

Талас ауданы,

Талапты ауылы.

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40

60 отбасының қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ата заң жобасы сараланды

Саясат • Бүгін, 08:22