Аймақтар • 24 Шілде, 2021

Бетон плиталарының астынан киіктің мүйізі табылды

635 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арқалық полицейлері бетон плиталарының астынан киіктің мүйізін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бетон плиталарының астынан киіктің мүйізі табылды

Арқалық қаласының табиғатты қорғау полициясы жекелеген шаруа қожалықтарын патрульдеу кезінде дала фазендасының аумағында киіктің мүйізін тапты.

Киіктің екі мүйізі бетон плиталарының астына жасырылды. Шопандардың бірі оларды далада тауып, олжадан кәдесый жасауды жоспарлағанын түсіндірді.

Шопанның айғақтары ҚР ҚК-нің 339-бабында көзделген «сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде тексеріледі.

Айта кетсек, бұл аумақ саны азайып бар ажатқан Бетпақдала киіктерінің мекендейтін жері болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05