TOKYO2020 • 24 Шілде, 2021

Өкінішті-ақ, бірақ үміт бар!

1061 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Қазақстанның үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының жартылай финалында сүрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өкінішті-ақ, бірақ үміт бар!

60 кило салмақта сынға түскен Сметов жартылай финалда татами иесі, жапондық Наохиса Такатодан жеңіліп қалды. Елдостың карьерасындағы өте ауыр белдесуге қарамастан, 12 минуттай күрескен жерлесіміз жарады.

«Golden Score» кезеңінде Елдос әлемнің үш дүркін чемпионымен тең дәрежеде күресті. Әйткенмен, оның қарсыласы «ваззари» ұпайын еншілеп финалға өтті. Жұрт Елдостың белдесуіне тәнті болып, 2 минуттай шапалақ ұрып тұрды.

Енді жерлесіміз қола жүлде үшін татамиге шығады. Жерлесімізге ең болмаса қола жүлде бұйырсын деп тілейік.