TOKYO2020 • 24 Шілде, 2021

Қазақстандық велоспортшылар үздіктер қатарына ене алмады

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Токио Олимпиадасында велоспорттан топтық жарыс жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық велоспортшылар үздіктер қатарына ене алмады

Фото: Сали Сабыров, Olympic.kz

Велошабандоздар додасында Эквадор өкілі Ричард Карапас жеңіске жетіп, Олимпиада чемпионы атанды. Ол 234 шақырымды 6:05.26 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен.

Күміс жүлдені бельгиялық Ван Арт Ваут, қоланы словениялық Тадей Погачар иеленді.

Қазақстандықтар сапынан ең жоғары нәтижесін Алексей Луценко тіркеді. Ол жеңімпаздан 6 минут 21 секундқа артта қалып, 21-ші орынды қанағат тұтты. 

«Жарыс 6,5 сағатқа созылды. Қиын болды. Менің ойымша, осындай ұзақ қозғалыстардан кейін және жуырда өткен «Тур де Франс» бұл жерде үлкен рөл ойнады. Үш апталық жарыстан кейін бірден басқа жарысқа ұшу... Жеке жарыста тағы бір мүмкіндік бар. Менің соңғы жеңісім жеке жарыста болды, рельеф те маған сәйкес келеді. Сондықтан, жеке жарыста қандай да бір нәтижеге қол жеткіземін деп үміттенемін», деп пікірін білдірді Алексей Луценко.

Дмитрий Груздев пен Вадим Пронский жарыс жолынан шығып қалды.