Фото: Жеңіс Ысқабай
Олимпиаданың алғашқы күнінде жеңіп алған алғашқы қола медаліміз құтты болсын, ағайын!
60 кило салмақта сынға түскен Елдос кіші финалда Нидерланд өкілі Торние Цакаджоені жеңді. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос «ваззари» ұпайын иеленді.
Осылайша, қазақстандық дзюдошы Токио Олимпиадасының қола медалін қанжығалады.