TOKYO2020 • 24 Шілде, 2021

Қазақстандық теннисшілер қарсыластарына есе жіберді

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисшілер қарсыластарына есе жіберді

Жарыстың алғашқы сатысында оларға Франциядан келген Жереми Шарди мен Гаэль Монфис қарсылас атанды.

Алғашқы сетте қазақстандықтар 7:6 есебімен жеңді. Ал екінші сетте дәл осы есеппен қарсыластар басым түсті. Кімнің жеңімпаз атанатыны тай-брейк әдісі арқылы шешілді.

Шешуші үшінші сетте қарсылас тарап ширақ қимыл көрсетіп, 10:7 есебімен басым түсті.

Енді Жереми Шарди мен Гаэль Монфис екінші айналымда Германиялық Яна-Леннарда Штруфф пен Александр Зверевпен жарысатын болады.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20