TOKYO2020 • 24 Шілде, 2021

Елдос Сметов: «Токиоға алтын медаль алу үшін келіп едім»

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олимпиада жарысы аяқталғаннан кейін 60 кило салмақта татамиге шыққан Елдос Сметов Олимпиадада жүрген қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдос Сметов: «Токиоға алтын медаль алу үшін келіп едім»

ФОТО: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК

«Қуанышты сезімдемін. Бірақ мен Олимпиадаға алтын үшін келіп едім. Бұйырғаны осы болды. Мен ол үшін өкінбеймін. Себебі, жартылай финалдағы белдесу финалға бергісіз болды. Такато өте мықты балуан. Бір-бірімізді білеміз. Өздеріңіз көргендей, шабуыл жасаймын деп, «қақпанға» түсіп қалдым. Пандемияға байланысты толық жаттығу жасай алмадық. Әлем чемпионатына бармағаным дұрыс болған сияқты. Себебі, дода алдында салмақ қуып, шаршап қаласын.

Қазір маған демалыс керек. Емделіп, қатарға қосылып жатсам Париж Олимпиадасы жайлы ойлануға болады. Әзірге дұрыстап демалуым керек. Қалған жігіттерге сәттілік тілеймін. Мен бағындырмаған биік белестерді бағындырсын деймін. Олимпиада ұйымдастыру комитетінің ережесі бойынша күресіп болғаннан кейін мен 48 сағатта Жапониядан шығып кетуім керек. Өкінішке қарай жігіттерге қолдау көрсете алмаймын.

Маған қолдау көрсеткен бапкерлерім, ағаларыма мың алғыс. Отан отбасыдан басталады дейді. Менің жанашырым отбасыма да мың алғыс айтамын. Олимпиаданың алғашқы күні жаман болмады деп ойлаймын.Олимпиадада Қазақстанның Көк туы желбіреп, Әнұранымыз шырқала берсін дегім келеді», деп Олимпиадада алған әсерлерімен бөлісті Елдос Сметов.