TOKYO2020 • 24 Шілде, 2021

Милад Карими Олимпиада ойындарының финалына шықты

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио Олимпиадасында спорттық гимнастикадан іріктеу турнирі аяқталып, финалға өткен спортшылар белгілі болды. Олардың қатарында қазақстандық Милад Карими де бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Милад Карими Олимпиада ойындарының финалына шықты

ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК

Милад Карими үш жаттығу бойынша финалға жолдама алды. 

Ол гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша іріктеуде 14.766 ұпай жинап, екінші нәтиже көрсетті. 

Қазақстандық спортшы Еркін жаттығуда 8-ші орын иеленіп, финалға жолдама алды. Сондай-ақ, көпсайыс бойынша 20-шы орынға тұрақтап, Токио Олимпиадасының ақтық кезеңіне өтті. 

Енді қазақстандық гимнаст үш финалда бақ сынайтын болады.