TOKYO2020 • 24 Шілде, 2021

«Спортшыларымыз бізді әлі де қуантады» - Ғалымжан Жылгелдиев

916 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біздің спортшылар бізді әлі де қуантады деп үміттенеміз. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Спортшыларымыз бізді әлі де қуантады» - Ғалымжан Жылгелдиев

Фото: Жеңіс Ысқабай

«Көңіл күйіміз керемет. Токиоға алтын медаль алу үмітімен келдік. Дегенмен, қоржынымызға «қола» медалін алғаш болып салғанымызға ризамыз. Елдостан басқа бізде төрт спортшы бар. Алдағы уақытта олар да күресетін болады. Спортшыларымыз бізді әлі де қуантады деген үміттенеміз», деп жауап берді бас бапкер БАҚ өкілдерінің сауалына.